15 Ноя 2026, Вс

ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ

Таразда құтқарушылардың кәсіби мерекесіне орай тағылымды жүздесу өтті. «Әділет» партиясының қалалық филиалы мен Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырған бұл шарада жас құтқарушылар мен ардақты тәлімгерлер шаһар жастарымен бас қосты. Кездесудің басты мақсаты — өскелең ұрпақты отансүйгіштікке баулып, құтқарушы мамандығының маңызы мен жауапкершілігін ұғындыру.