15 Ноя 2026, Вс

ДІНИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗУ – МАҢЫЗДЫ ТАЛАП

Діни тұрақтылықты сақтау, халықтың діни сауатын арттыру және ұлттық рухани мұраны ұрпаққа жеткізу — мемлекет саясатының маңызды бағыттарының бірі. Бұл ретте мешіттердің діни рәсімдер өткізетін орын ғана емес, ағартушылық қызмет атқаратын орталық ретіндегі маңызы зор. Тараз қаласындағы Әбдіқадыр мешіті — тарихы тереңнен бастау алатын рухани орындардың бірі. Бір ғасырдан астам уақыт бұрын бой көтерген бұл кешен бүгінде тарихи ескерткіш ретінде де, діни білім беру орталығы ретінде де маңызын жоғалтқан жоқ.