15 Ноя 2026, Вс

ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫН ЖИНАУ НАУҚАНЫ ҚЫЗУ ЖҮРУДЕ

Меркі ауданында қант қызылшасын жинау науқаны қарқын алды. Биыл ауданда тәтті түбір өсіруге 3 410 гектар жер бөлінген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 200 гектарға артық. Қазіргі таңда алқаптарда жиын-терін жұмыстары жүргізіліп, шаруалар өсірген өнімін жинауға кіріскен.