Республика күні қарсаңында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Тараз қаласындағы «Қызылабад» тұрғын алабында ауқымды ағаш отырғызу шарасы өтті. Өңірдің табиғатын түлетіп, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған игі шараға қала әкімі Бақытжан Орынбеков, Жібек жолы ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекова, ардагерлер, жастар және облыстық басқармалар мен қалалық бөлімдердің өкілдері қатысты.
Ақпараттық порталы

