Түркістан қаласындағы «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Ержан Байтілеспен кездесу өтті. Басқосуға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, журналистер мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Жиында дәстүрлі басылымдардың бүгінгі жағдайы, бәсекеге қабілеттілігі және алдағы даму бағыттары талқыланды.
Ақпараттық порталы

