Отбасы – қоғамның алтын діңгегі. Ал сол шаңырақтың берік болуы әр адамның қолдауға ие болып, өз мүмкіндігін жүзеге асыруынан басталады. Тараз қаласындағы «Анаға тағзым» орталығы бес жылдан бері осы бағытта жұмыс істеп келеді. Мұнда әйелдер білім алып, балаларды өнерге баулиды, ал қиындыққа тап болған отбасылар қажетті кеңес пен қолдау табады. Бүгінде орталық өңірдегі отбасылық құндылықтарды дәріптеп, әлеуметтік қолдау көрсететін маңызды мекемелердің біріне айналды.
Ақпараттық порталы

