15 Ноя 2026, Вс

ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ САҚТАУ ЖӘНЕ ВАНДАЛИЗММЕН КҮРЕС

Тарихи-мәдени мұраны сақтау және вандализммен күрес Тараздық жастардың басты назарында. «Тектурмас» этнотарихи кешенінің аумағында «Әділет жастары» жастар қанатының өкілдері тазалық жұмыстарын жүргізіп, ескерткіштер мен қоршаулардан 150-ге жуық жазуды өшірді. Күні кеше өткен «Вандализмге жол жоқ» акциясына 50-ге жуық жас белсенді қатысты.