Тараз қаласы мен Байзақ ауданының тұрғындары үшін жағымды жаңалық. Бүгін №4 жаңа автобус бағыты іске қосылды. Енді Бурыл мен Құмжота ауыл тұрғындарының қалаға қатынауы жеңілдей түстеді. Жаңа бағыт жолаушыларға әр 15 минут сайын қызмет көрсететін болады. Салтанатты шараға Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, Байзақ ауданының әкімі Олжас Баққараев және жергілікті тұрғындар қатысты. Жоба облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің қоғамдық көлік жүйесін жаңғырту туралы тапсырмасы аясында жүзеге асып отыр.
Ақпараттық порталы

