Республика күні қарсаңында Тараз қаласының Құмшағал тұрғын алабында жаңа балалар ойын алаңшасы салтанатты түрде ашылды. Бұл жоба тұрғындарға өз аумақтарын абаттандыру бойынша бастама көтеруге мүмкіндік беретін «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Салтанатты ашылу рәсіміне Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков қатысып, тұрғындарды осы қуанышпен құттықтады.
Ақпараттық порталы

