Шу қаласындағы тарихи теміржол вокзалы заманауи кейіпке еніп, жолаушыларға есігін айқара ашты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен қолға алынған ауқымды жоба сәтті аяқталды. Тозығы жеткен нысанды жаңғыртуға 6 миллиард теңгеден астам қаржы бағытталған. Салтанатты ашылу рәсіміне өңір басшысы Ербол Қарашөкеев, сала ардагерлері мен жергілікті тұрғындар қатысты.
Ақпараттық порталы

