Қазақстан — түрлі этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, иық тіресе қызмет ететін көпұлтты мемлекет. Осы орайда, әскери бөлімдерде де мемлекеттік тіл сарбаздардың басын біріктіретін басты құралға айналып отыр. 5513 әскери бөлімінде сарбаздарға қазақ тілі бойынша сабақтар өткізіліп, арнайы оқу материалдарымен жұмыс жүргізіледі, сондай-ақ патриоттық сағаттар да тұрақты түрде ұйымдастырылады.
Ақпараттық порталы

