Сауда жасағанда кассалық чек талап етесіз бе? Бұл — жай ғана қағаз емес, тұтынушы құқығын қорғайтын әрі ел экономикасының ашықтығын қамтамасыз ететін негізгі құжат. Осыған орай, Тараз қаласының мемлекеттік кірістер басқармасы «Кәсіпкердің күші — адалдықта, тұтынушының сенімі — фискалдық чекте» жобасы аясында ауқымды түсіндіру жұмыстарын бастады. Фискалдық чек бермеген кәсіпкерге қандай айыппұл салынады және заң бұзған жағдайда не болмақ? Толығырақ тілші бейнематериалында.
Ақпараттық порталы

