15 Ноя 2026, Вс

ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАР КҮНІ

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен ашықтығын арттыру – халықпен тиімді байланыс орнатудың маңызды тетігі. Осы бағытта Түркістан қалалық орталық ауруханасында кезекті «Қызмет алушылар күні» шарасы өтті. Кездесу барысында тұрғындар денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау салалары бойынша мамандарға өз сауалдарын жолдап, тиісті түсіндірмелер алды.