Шалдар ауылындағы мәдениет үйінде балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне барынша жағдай жасалған. Мұнда өнер мен спортты ғана емес, баланың зияткерлік қабілетін дамытуға бағытталған үйірмелер де жұмыс істейді. Соның бірі — шахмат үйірмесі. Тақта басындағы бұл ойын баланы жай ғана жарысқа дайындамайды. Ол өрендерді ойланып әрекет етуге, әр қадамын саралауға, сабыр сақтап, дұрыс шешім қабылдауға баулиды. Бүгінде ауыл балалары шахматтың қыр-сырын меңгеріп, өзара тәжірибе алмасып, бос уақыттарын пайдалы іске арнап жүр.
Ақпараттық порталы

