Түркістан облысында кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдаудың нақты нәтижелері таныстырылды. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры өңірде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған пресс-тур ұйымдастырып, журналистерге қаржылық қолдауға ие болған бірқатар жобаның жұмысын көрсетті. Бүгінде қордың қолдау құралдары арқылы кәсіпкерлер өндірісін кеңейтіп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашып, түрлі салаға қажетті мамандарды даярлауға да мүмкіндік алып отыр.
Ақпараттық порталы

