15 Ноя 2026, Вс

ЕНЕ МЕН КЕЛІН – БІР ШАҢЫРАҚТЫҢ ШЫРАҒЫ

Таразда қала күніне орай «Ене мен келін – бір шаңырақтың шырағы» атты өнегелі отбасылық байқау өтті. Ықылас Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінде ұйымдастырылған бұл шараның басты мақсаты – ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеп, отбасындағы ене мен келін арасындағы сыйластықты, ұрпақ сабақтастығын арттыру.