15 Ноя 2026, Вс

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ЖАҢА КІТАБЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жамбыл облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әр жылдары айтқан ой-тұжырымдары мен ел дамуына қатысты пайымдары топтастырылған «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабының таныстырылымы өтті. Рухани-танымдық шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, журналистер, азаматтық қоғам өкілдері мен жастар қатысты.