15 Ноя 2026, Вс

«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» МАРАФОНЫ

Қазақстанда кітап оқуды насихаттап, оқырмандық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны басталды. Осы маңызды бастаманы қолдау мақсатында Меркі ауданындағы №44 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Марафонға қосыл – кітап оқы!» шарасының ашылу салтанаты өтті. Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, олардың ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын байыту және өз ойын еркін жеткізе алатын, білімге құштар ұрпақ тәрбиелеу.