15 Ноя 2026, Вс

ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ

Еңбек заңнамасының сақталуы, еңбек дауларының алдын алу және өндірістегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Осы мәселелер бүгінгі Жамбыл облысы әкімдігінде өткен аппараттық кеңестің басты тақырыбына айналды. Өңірде кәсіпорындарға тұрақты мониторинг жүргізіліп, заңбұзушылыққа жол берген жұмыс берушілерге нұсқамалар беріліп, әкімшілік айыппұлдар салынуда. Жыл басынан бері Жамбыл облысында 143 тексеру жүргізіліп, еңбек заңнамасын бұзудың 155 дерегі анықталды. Жұмыс берушілерге 82 нұсқама беріліп, айыппұл сомасы 8 миллион теңгеден асты.