15 Ноя 2026, Вс

КІТАП – БІЛІМ МЕН ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ

Жамбыл ауданында кітап оқуды насихаттауға бағытталған «Зерделі Қазақстан: кітаппен бірге – жарқын болашаққа!» атты open book talk іс-шарасы өтті. Рухани-танымдық басқосуға жергілікті қаламгерлер, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, кітапхана қызметкерлері, жастар мен оқырмандар қатысты. Жиында кітаптың адам өмірі мен қоғамдағы маңызы кеңінен сөз болды.