15 Ноя 2026, Вс

ЖАҢА МЕКТЕП — САПАЛЫ БІЛІМГЕ ЖАҢА МҮМКІНДІК

Қазыбек би атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі биыл жаңа ғимаратқа көшті. Заманауи білім ордасында оқушылардың сапалы білім алуына ғана емес, қауіпсіздігі мен жан-жақты дамуына да басымдық берілген. Біз бүгін мектептегі оқу процесімен танысып, мұғалімдердің жұмысын көріп, оқушыларға жасалған мүмкіндіктерді бағамдап қайттық.