15 Ноя 2026, Вс

МЕКТЕП ҚАБЫРҒАСЫНДАҒЫ ДОМБЫРА ҮЙІРМЕСІ

Түркістандағы №34 «Келешек» мектебінде оқушылардың білім алуымен қатар, ұлттық өнерді бойына сіңіруіне де ерекше көңіл бөлінген. Соның бір дәлелі – мектеп қабырғасында арнайы жұмыс істейтін домбыра үйірмесі. Мұнда жас өрендер қасиетті қара домбыраның қыр-сырын меңгеріп, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттырып келеді.