15 Ноя 2026, Вс

ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

Таразда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша кешенді жұмыстар қарқын алды. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, білім беру мекемелерінде арнайы жұмыс топтары құрылған. Құрамында полиция, білім, денсаулық сақтау, спорт саласының мамандары, жастар ұйымдары, депутаттар мен қоғам белсенділері бар топ мүшелері мектептерді аралауды бастап кетті. Алғашқы кездесулердің бірі №66 орта мектепте өтті. Толығырақ алдағы сюжетте.