15 Ноя 2026, Вс

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ӘДІЛ СОТТЫҢ НЕГІЗІ

Сот шешімінің әділ болуы үшін істің екі тарабы да заң алдында тең болуы керек. Яғни сот бір тараптың ғана уәжіне сүйенбей, айыптау мен қорғау жағына да өз дәлелдерін ұсынуға мүмкіндік береді. Ал судья осы дәлелдердің барлығын қарап, істің мән-жайын жан-жақты анықтағаннан кейін ғана шешім қабылдайды. Соттағы әділдік ең алдымен осындай тәртіппен қамтамасыз етіледі.