15 Ноя 2026, Вс

ТҮРКІСТАНДЫҚ КРЕАТОРЛАР ЕЛОРДАДА 21 МЛН ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН САТТЫ

Астанада Creative Aimaq республикалық жобасы аясында Түркістан облысының креативті индустриялар жәрмеңкесі өтті. Екі күнге созылған шарада өңірден келген 50 креатор өз өнімдері мен шығармашылық жобаларын елорда жұртшылығына ұсынды. Жәрмеңкеге 5 мыңнан астам адам келіп, түркістандық кәсіпкерлер жалпы құны 21 млн теңгенің өнімін саудалады.