
1 қыркүйек – Білім күніне орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде Жамбыл облысы білім басқармасының кешкі мектебінде білім алатын жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – білім алудың маңыздылығын түсіндіру, сотталғандардың білімге деген қызығушылығын арттыру, олардың өзін-өзі дамытуына және болашаққа деген оң көзқарасын қалыптастыру.
Іс-шара барысында білімнің адам өміріндегі орны, оның тұлғаның қалыптасуы мен қоғамға қайта бейімделудегі маңызы туралы айтылып, жаңа оқу жылына ізгі тілектер білдірілді.
Сонымен қатар қатысушыларға 1 қыркүйек – Білім күніне орай білім алудың әрбір адам үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатыны түсіндірілді.
Тәрбие сағаты соңында сотталғандарға жаңа оқу жылында табыс, ізденіс және білім жолында жетістіктер тіленді.
