Сарысу ауданында тамыз конференциясы өтті. Жиында өткен оқу жылының қорытындысы сараланып, білім беру саласының алдағы міндеттері айқындалды. Аудандық білім бөлімінің басшысы Жуаныш Жарықбасов 2025-2026 оқу жылының нәтижелеріне тоқталды. Оның айтуынша, соңғы үш жылда білім сапасында тұрақты өсім бар. 2023-2024 оқу жылында бұл көрсеткіш 71,4 пайыз болса, 2024-2025 оқу жылында 71,5 пайызға, ал биыл 73,1 пайызға жеткен.
Ақпараттық порталы

