15 Ноя 2026, Вс

ӘЛЕМДІК ДОДАДА ТОП ЖАРҒАН ҚОС БАЛУАН ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

Түркістан облысының қос балуаны еркін күрестен U20 әлем чемпионатынан жүлдемен оралды. Словакияның Братислава қаласында өткен байрақты бәсекеде Бекасыл Асамбек күміс, Нұрасыл Асамбек қола медаль иеленді. Жас спортшыларды Түркістан халықаралық әуежайынан спорт саласының өкілдері, жаттықтырушылар, туған-туыстары мен достары салтанатты түрде қарсы алды.