15 Ноя 2026, Вс

ТАРИХЫ ТЕРЕҢ – АППАҚ ИШАН МЕШІТІ

Бәйдібек ауданындағы Шаян ауылында орналасқан Аппақ ишан мешіт-медресесі – өңірдің діни-ағартушылық тарихынан сыр шертетін көне нысандардың бірі. ХІХ ғасырда бой көтерген бұл білім ордасында талай шәкірт діни сауатын ашып, білім алған.