15 Ноя 2026, Вс

ӘУЛИЕАТА АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

Әулиеата ауданы әкімінің орынбасары Желтоқсан көшесі №86 үйдің тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді. Айта кетейік, бұл аула – жай ғана аула емес. Бұған дейін тұрғындар аула тазалығы мен абаттандыру жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін «Үлгілі аула» номинациясының жеңімпазы атанған. Кездесуге жергілікті әкімдік өкілдерімен қатар, Төтенше жағдайлар департаментінің, полиция басқармасының және коммуналдық қызметтердің мамандары қатысты.