15 Ноя 2026, Вс

БАЛАЛАРҒА СЫЙЛАНҒАН ҚУАНЫШ

Түркістан облысында «Қайырымды іс-шара – жан азығы» атты игі шара ұйымдастырылды. Негізгі мақсат – балаларға қуаныш сыйлап, олардың көңіл-күйін көтеру және қоғамдағы мейірімділік пен қайырымдылық құндылықтарын дәріптеу. Шара барысында балаларға арнайы қызықты бағдарламалар ұсынылып, кино көрсетілді. Сонымен қатар бүлдіршіндерге түрлі сыйлықтар табысталды.