15 Ноя 2026, Вс

ШӘМШІ ӘНДЕРІ – ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ РУХАНИ ҚАЗЫНАСЫ

Қазақтың ән өнерінде өшпес із қалдырған Шәмші Қалдаяқовтың шығармалары әлі де сахна төрінен түскен емес. Сазгердің сырлы әндерін бүгінгі жас буын да сүйіп орындап жүр. Таразда композитор мұрасын дәріптеуге арналған «Ән аға – Шәмші аға» атты қалалық жас өнерпаздар байқауы өтті.