Түркістан облысының туристік және инвестициялық әлеуетін халықаралық деңгейде ілгерілету бағытында жұмыстар жалғасуда. Осы мақсатта облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек «Tourism Malaysia» ұйымының төрағасы Датук Манохаран бастаған малайзиялық делегациямен кездесті. Кездесуде тараптар Түркістан өңірінің туристік мүмкіндіктерін Малайзия нарығында кеңінен таныстыру, шетелдік туристер ағынын арттыру, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және өзара тиімді ынтымақтастықты жолға қою мәселелерін талқылады. Қанат Қайыпбек Түркістан облысының туристік және инвестициялық әлеуетіне тоқталып, өңірдің табиғи көрікті жерлері халықаралық туристер үшін тартымды бағыттардың бірі екенін жеткізді.
Ақпараттық порталы

