15 Ноя 2026, Вс

«МАНКЕНТ» ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Сайрам ауданында ғасырдан астам тарихы бар «Манкент» теміржол вокзалы жаңғыртылып, қайта пайдалануға берілді. Нысан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздегі 124 теміржол вокзалын жаңғырту бағдарламасы аясында заманауи талаптарға сай қайта жабдықталған. Жаңа вокзал жолаушыларға қолайлы жағдай жасап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін бермек.