Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сайрам ауданының тұрғындарымен кездесіп, елді мекендердегі өзекті мәселелерді тыңдады. Ашық диалог барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылым, білім, денсаулық сақтау және ауыз сумен қамту мәселелері сөз болды. Өңір басшысы алдағы жоспарларға тоқталып, тұрғындардың ұсыныстары бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.
Ақпараттық порталы

