15 Ноя 2026, Вс

ТҰРҒЫНДАРҒА АБАТТАНДЫРУДЫҢ ЖАҢА ҚАҒИДАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Жібек жолы ауданында жаңа абаттандыру қағидалары түсіндірілуде. Аудан әкімі Қарлығаш Аралбекова шалғай Қарасу шағын ауданының тұрғындарымен арнайы кездесіп, тазалық пен тәртіпті сақтаудың маңыздылығын түсіндірді. Шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстап, тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру.