Жамбыл облысында білім саласы өкілдерінің басын қосқан облыстық тамыз конференциясы өтті. «Білім сапасы мен адами капитал: жаңа оқу жылындағы өңірлік басымдықтар» тақырыбындағы жиында білім саласының өткен оқу жылындағы жетістіктері сараланып, алдағы міндеттер айқындалды. Басқосуда өңір басшылығы мен Halyk Bank арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, аудандық білім бөлімдеріне 10 жаңа қызметтік автокөлік табысталды.
Ақпараттық порталы

