15 Ноя 2026, Вс

ЕҢБЕККЕ КЕДЕРГІ ЖОҚ

«Қазақстанның саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің оқу-өндірістік кәсіпорны – есту қабілеті бұзылған азаматтар еңбек ететін мекемелердің бірі. Мұнда қызметкерлер өз міндеттерін атқарып, күнделікті өндіріс жұмысына араласады. Кәсіпорынның ерекшелігі де осында – мұнда әр адам денсаулық жағдайына қарамастан өзіне лайықты жұмыспен айналыса алады. Бүгінде бұл жерде еңбек етіп жүрген азаматтардың арасында талай жылдан бері жұмыс істеп келе жатқандар да, кәсіби жолын енді бастап жатқандар да бар.