15 Ноя 2026, Вс

ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСҚА ТОСҚАУЫЛ ҚОЙЫЛУДА

Түркістан облысында құрылыс саласындағы заң талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді. Биыл жеті айда 266 нысан тексеріліп, 416 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталған. Нәтижесінде кәсіпкерлерге 266 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Оның 173 миллион 729 мың теңгесі бюджетке өндірілді. Заңсыз салынған нысандарды анықтау, бұзу және рұқсатсыз құрылысқа жол бермеу бағытындағы жұмыс жыл соңына дейін жалғасады.