15 Ноя 2026, Вс

АБАЙ КҮНІНЕ ОРАЙ ЕСКЕРТКІШКЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ

10 тамыз – ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының туған күні. Осыған орай Түркістан қаласында Абай күніне арналған салтанатты шара өтті. Жаңа қаладағы ақын ескерткіші орналасқан аллеяға жиналған жұртшылық Абай рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Жиынға облыс әкімі Нұралхан Көшеров, облыстық мәслихат өкілдері, ардагерлер, зиялы қауым, жастар мен қала тұрғындары қатысты.