15 Ноя 2026, Вс

ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН КІТАПХАНА

Кітап – білімнің ғана емес, адамды әлеммен байланыстыратын рухани көпір. Ал оны көзі көрмейтін жанға қолжетімді ету – үлкен ізденісті қажет етеді. Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін арнайы кітапхана жарты ғасырдан астам уақыт бойы зағип және көру қабілеті төмен азаматтарға қызмет көрсетіп келеді. Мұндағы әр кітаптың өз оқырманына жетер жолы бөлек.