15 Ноя 2026, Вс

ҰЛЫ ОЙШЫЛҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Тараз төрінде ұлттың ұлы ұстазы, хакім Абай Құнанбайұлының рухына тағзым етіліп, дара тұлғаның ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Ұлы ойшылдың рухани асыл мұрасын, халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпын, ұлттық құндылықтарын дәріптеуге бағытталған бұл алқалы жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров және аймақтың зиялы қауым өкілдері қатысты. Ұлт тарихында өшпес із қалдырған хәкім Абайдың тағылымы мол шарасы жайлы толығырақ әріптесім тарқатады.