15 Ноя 2026, Вс

АВТОКӨЛІКТЕРДІ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ БОЙЫНША ЖАРИЯ ТЫҢДАЛЫМ ӨТТІ

Жамбыл облысында коммуналдық меншіктегі пайдаланылған автокөліктерді жекешелендіру мәселесі бойынша жария тыңдалым өтті. Жиында мемлекеттік мекемелердің балансындағы техникаларды электрондық аукцион арқылы сату, бюджет қаражатын тиімді пайдалану және мемлекеттік мүлікті басқарудың ашықтығын арттыру мәселелері талқыланды.