15 Ноя 2026, Вс

ҮСТЕЛ ТЕННИСІМЕН АЙНАЛЫСАТЫН ЕРЕКШЕ ЖАН

Спорт — денсаулық кепілі, ал белсенді қозғалыс — сергектік пен ұзақ өмірдің басты сыры! Таразда үстел теннисімен тұрақты айналысатын ерекше жандардың бұл спортқа деген махаббаты өзгелерге үлкен дем береді. Әсіресе, шаршы үстел басында жастарға дес бермей жүрген 70 жастағы параспортшы Вера Приданованың өмірге деген құштарлығы мен қайсарлығы көрерменді тәнті етпей қоймайды.