Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай Жамбыл облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаевтың мәдениет және тілдерді дамыту саласының жастарымен кездесуі өтті. «Жамбылдың жастары жырлайды» тақырыбындағы басқосуда ұлттық руханият, әдебиет пен өнердің сабақтастығы және жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту мәселелері талқыланды.
Ақпараттық порталы

