15 Ноя 2026, Вс

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР ҰЛЫҚТАЛУДА

Меркі ауданында ұлттық қолөнерді ұлықтап, құрақ құрау өнерін өмірлік мұратына айналдырған ісмерлердің бірі – зейнеткер ұстаз Халықова Фрунзекүл. Анасының тәлімін бойына сіңірген шебер бүгінде қазақтың төл өнерін келер ұрпаққа үйретіп, оның әлемдік деңгейде танылуына өзіндік үлесін қосып жүр.