Тараз гарнизонының әскерилері донорлық қан тапсырып, Жамбыл облыстық қан орталығының қорын толықтырды. Дәрігерлердің шұғыл көмек сұрауына босанып жатқан жас ананың ауыр жағдайы себеп болған. Келіншекке жедел түрде қан құю қажет еді. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы бұл өтінішті жауапсыз қалдырмай, дәрігерлермен бірге үлкен сауапты іске жұмылды.
Ақпараттық порталы

