15 Ноя 2026, Вс

ЖАҢА ҚҰРЫЛЫС КОДЕКСІНІҢ ТАЛАПТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының жаңа Құрылыс кодексін түсіндіруге арналған семинар-кеңес өтті. Іс-шара құрылыс саласындағы сапаны бақылау, инженерлік жүйелер және электрмен жабдықтау бағытындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналды.