Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемовтің төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін пайдалану саласындағы заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістер мен өңірдегі зерделеу жұмыстарының қорытындылары талқыланды. Тексеріс барысында мемлекеттік мекемелер тарапынан жіберілген бірқатар өрескел кемшіліктер анықталып, оларды жою бойынша нақты тапсырмалар берілді. Тақырыпты әріптесім Сабина Орынбек тарқатады.

