28 Июл 2026, Вт

ИНТЕРНЕТ–АЛАЯҚТЫҚПЕН КҮРЕС ҚАЛАЙ ЖҮРІП ЖАТЫР?

Бүгінгі таңда интернет-алаяқтық қоғамды жегідей жеген ең қауіпті қылмыс түрлерінің біріне айналды. Мемлекет тарапынан жүйелі шаралар қабылданғанымен, алаяқтар заманауи технологиялар мен әлеуметтік инженерия әдістерін шебер пайдалана отырып, өз қылмыстық тәсілдерін үнемі жетілдіріп отырады. Дегенмен, соңғы статистика көңіл көншітеді. Мәселен, 2026 жылы Тараз қаласында тіркелген интернет-алаяқтық фактілерінің саны былтырғы жылмен салыстырғанда шамамен 10%-ға төмендеген. Сонымен қатар, мұндай қылмыстардың ашылу деңгейі керісінше 15%-ға жуық артқан. Киберқылмыстарға қатысы бар жүздеген тұлға анықталып, бүгінде қылмыстық жауаптылыққа тартылды.